Киев сұраған қару жарақ көлемі НАТО мүмкіндіктерінен асып түсті
Жарияланды
Украина сұраған әскери көмектің ауқымы НАТО-ның өндірістік мүмкіндіктерінен асып түседі, деп хабарлады Альянс әскери комитетінің төрағасы Роб Бауэр.
«Украина сұраған қару-жарақ пен оқ-дәрілердің көлемі өте үлкен. (…) Қолданылатын қару – жарақтың ауқымы мен көлемі біздің өндірістік мүмкіндіктерімізден асып түседі»,-деді Бауэр Ослода өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, қазір НАТО елдері «қару-жарақ беріп, жаңа қаруға тапсырыс беріп жатыр және бұл процесте тепе-теңдік жоқ».
Сонымен қатар, әскери комитет басшысы елдер Киевке қару-жарақ жеткізу туралы шешім қабылдаған кезде олардың мемлекеті мен жалпы Солтүстік Атлантикалық альянстың қауіпсіздігіне төнетін қауіптер туралы ойлануы керек екенін атап өтті.