500 техниканың лизингіне 20 млрд теңге бөлінеді

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Қазақстанда отандық өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне «Жасыл Даму» АҚ қаражатынан 20 млрд теңге бөлінеді. Тиісті қаулыға Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қол қойды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақында халыққа Жолдауында ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қарқынын арттыруды тапсырған болатын. Соған сәйкес, бөлінген қаражатқа фермерлер лизингке 500-ден астам техника сатып ала алады. Нақтырақ айтқанда, бұл қаражат шамамен 80 комбайн және 450 трактор алуға жетеді.

Лизингке алынатын техника экологиялық және техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сай келеді және барлық қажетті сәйкестік сертификаты бар.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша жалпы ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингінің жыл сайынғы көлемі 170 млрд теңгеден асады.

Сондай-ақ оқыңыз