Жаһандық қарыз көлемі 307 триллион долларға жетті

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Дүние жүзіндегі пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне қарамастан, жаһандық қарыз 2023 жылдың екінші тоқсанында рекордтық 307 триллион долларға жетті. Бұл туралы Халықаралық қаржы институтының (IIF) есебінде жазылған.

Жаһандық қарызда үкіметтердің, банктердің, қаржылық емес корпорациялардың және барлық елдердің үй шаруашылықтарының қарызы қоса есептеледі. IIF есебіне сәйкес 2023 жылдың бірінші жартысында жаһандық қарыз 10 триллион долларға, ал соңғы онжылдықта 100 триллион долларға артқан. Осы жылдың екінші тоқсанында жаһандық қарыздың әлемдік ЖІӨ-ге қатынасы 336 пайызға дейін өскен. Жалпы, көрсеткіштер 2023 жылға дейін 7 тоқсан бойы төмендеп келген. Ал осы жылдың екі тоқсанында қарыз көлемі көтеріле түскен.

Сарапшылар пікірінше, бұл арақатынастың ұлғаюына ЖІӨ өсімі мен инфляцияның баяулауы себеп болған. Оның үстіне қордаланған қарыздың 80 пайыздан астамы дамыған елдерде жиналған. Атап айтқанда, ең үлкен өсім АҚШ, Жапония, Ұлыбритания және Франция елдерінде тіркелді. Дамушы елдердің қатарында қарызын ең жылдам өсірген мемлекеттер де бар. Олар – Қытай, Үндістан және Бразилия елдері.

Сондай-ақ оқыңыз