Қай қалада жалақы жоғары: Елорда тек алтыншы орында
Экономикалық зерттеулер институты Қазақстан қалаларындағы жалақы деңгейі бойынша рейтингін жариялады. Бұл тізімде Астана небәрі алтыншы, ал Алматы сегізінші орында тұр.
Қай қалада жалақы ең жоғары?
Зерттеуге сәйкес, ең жоғары жалақы Жаңаөзен қаласындағы мамандар алады – 686 744 теңге, ал ең төменгі жалақы Талдықорған қаласында тіркелген: 212 136 теңге. Айырмашылық 3,2 есе.
Рейтингтегі екінші орынды 513 мың теңгеден астам жалақымен Атырау қаласы иеленді. Үздік үштікті Сәтбаев түйіндеп тұр (475 мың теңге). Одан кейін Ақтау (442 мың теңге), Жезқазған (400 мың теңге) және Астана (389 мың теңге) қалалары келеді.
Жетінші орында Балқаш (351 мың теңге), сегізінші орында Алматы (338 мың теңге), тоғызыншы орында Риддер (331 мың теңге), оныншы орында 307 мың теңге жалақымен Екібастұз қаласы орналасқан. Республиканың басқа қалаларындағы жалақы деңгейін сілтемеден көруге болады.
Қай қалада тұрмыс қымбат?
Экономикалық зерттеулер институтының мәліметінше, Атырау, Сәтбаев, Жаңаөзен, Ақтау, Жезқазған және Балқаш қалаларында тұрмыс қымбар. Бұл қалаларда жоғары жалақыны қымбатшылық «жеп қояды».
«Айта кету керек, бұл қалаларда өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі аз, тұрғындардың басым бөлігі ресми түрде өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмыс істейді», дейді мамандар.
Ең аз жалақы төленетін Қызылорда қаласын қоспағанда, Қазақстанның оңтүстігіндегі бірнеше қаласында айлық «қымбат өмірді» жабады.
«Бір қызығы, Астана мен Алматы тізім көш басында тұрған жоқ». Сондай-ақ, Шымкент мегаполисі аутсайдер болып тұр. Бұл жасырын «көлеңкелі экономика» мен есепке алынбаған кірістерді жанама көрінісі болуы мүмкін», делінген зерттеуде.
Елімізде 2024 жылдан бастап ең төменгі еңбекақы 85 мың теңге болады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жасаған Жолдауында мәлім етті.
Айта кетерлігі, елімізде ерлер мен әйелдер арасындағы жалақы айырмашылығы айтарлықтай. Finprom.kz сайтының дерегінше, ол 33,7% құрайды. 2022 жылы ерлердің жалақысы орташа есеппен 355,3 мың теңге, бір жылда 26,3% көбейген, әйелдердікі — 265,8 мың теңге, 20,7% көбейген.
Бұған дейін Қазақстанда IT мамандардың орташа жалақысы 876,1 мың теңгені құрайтынып жазғанбыз. Саладағы 249 кәсіпорынның 204-і шағын, 34-і орта, 11-і ірі компаниялар. Бұл ретте сектордағы ең төменгі жалақы шағын ұйымдардың қызметкерлері арасында байқалады. 2023 жылдың бірінші тоқсанында ондағы орташа жалақы шамамен 635,2 мың теңгені құраған, ал ірі компаниялардағы жалақы 797,6 мың теңге болған. Ең жоғары көрсеткіш орта кәсіпорындарға тиесі. Ондағы орташа жалақы көлемі 876,1 мың теңгені құрайды,
Қазақстандықтар тапқан ақшасын қайжа жұмсайды?
DATA HUB аналитикалық арнасы қазақстандықтардың қаржыны қандай мақсатта жұмсайтынын анықтаған. Зерттеу нәтижелеріне назар салсақ, тұтыным тауарлары мен өнімдерін алуға келгенде ҚР тұрғындарының тосылып қалмайтынын байқауға болады.
Сараптамаға сәйкес, II тоқсандағы ел тұрғынының орташа шығысы 260,8 мың теңгені болды. Демек, ел тұрғыны 3 ай ішінде осыншалық қаржы жұмсайды, мұны әрбір айға шағар болсақ, 86,9 мың теңге ақша шығатынын көреміз.
Сараптамаға сәйкес, Қазақстанда тұтынушылық мәдениеттің жетекші рөлге ие екенін көруге болады. Мысалы, зерттеуде II тоқсанда жұмсалған барлық қаражаттың 92%-ы тұтыныммен байланысты екені айтылады. Тоқсандық шығыс – 239,5 мың теңге. Орташа деңгейден жоғары бұл көрсеткіш 8 аймаққа тән. Негізінен алғанда, солтүстік және орталық аймақтарда. Тұрмыстық тұтынымға келгенде Алматы (347,7 мың теңге) және Астана (301,6 мың теңге) қалалары көш басына шығады, тізім соңын Қызылорда (189,2 мың теңге) мен Түркістан (174,5 мың теңге) облыстары түйіндеп тұр.