Өзбекстанда туристерге арналған «Алтын шеңбер» пайда болады
Опубликовано
Бұл жобаны 2 жылда жүзеге асыру жоспарланып отыр
Ташкент облысының алты ауданында туристік кластер құрылмақ. Аталмыш жоба «Алтын шеңбер» тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылады, деп хабарлайды Өзбекстан Әділет министрлігінің баспасөз-қызметі.
«Алтын шеңбер» жаңа туристік аймағына Ташкент облысының Бостандық, Ахангаран, Паркент, Букин, Чиназ, Заңгиат аудандары кіреді.
Туристік тұжырымдамаға сәйкес, қонақ үй, кемпинг, саябақ және т.б. салу көзделген.
«Алтын шеңбер» аясында жалпы саны 45 инвестициялық жобажүзеге асырылатын болады, 1 500-ден аса жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Тартылатын инвестиция көлемі 638 млрд сумды ($67,1 млн) құрайды.