Медицина қызметкерлеріне бөлек тұрғын үй бағдарламасын әзірлеу керек – Сенатор

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Сенатор Бибігүл Жексенбай медицина қызметкерлеріне бөлек тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді ұсынды.

Сенат депутатының айтуынша, елордадағы мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында істейтін медицина қызметкерлерінің 40%-ында тұрғын үйі жоқ.

«Халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар бойынша әскери қызметшілер және басқа әлеуметтік жағынан әлсіз топтың өкілдері баспана ала алады. Бірақ медицина қызметкерлеріне арналған жеңілдетілген несиемен үй алуға мүмкіндік беретін бірде-бір қолжетімді бағдарлама жоқ. Медицина қызметкерлері деген санатқа кіретіндерге бөлек тұрғын үй бағдарламасын немесе жеңілдетілген несие беру туралы бағдарлама қабылдау мәселесін қарастыруыңызды сұраймын», деді сенатор өзінің үкіметке жолдаған сауалында.

Депутат медицина қызметкерлері үшін ақылы еңбек демалысы күндерін ұлғайту мәселесін де көтерді.

«Педагогтың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, педагогтарға жыл сайын ұзақтығы 56 күнтізбелік күнге ақылы еңбек демалысына кепілдік берілген. Осының негізінде медицина қызметкерлері үшін де еңбек жағдайларына байланысты кемінде күнтізбелік 40 күн және одан да көп күндерді құрайтын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы күндерінің санын көбейту мәселесін қарастыру керек», дейді Бибігүл Жексенбай.

Сондай-ақ оқыңыз