Ақтау қаласы әкімінің орынбасары жеке кәсіпкерлігі үшін жарты миллион теңге айыппұл төледі

Жарияланды
штраф
Фото: shutterstock

Кәсіпкерлікпен айналысқан Ақтау қаласы әкімінің орынбасарына 483 мың теңге айыппұл салынған. Бұл жайлы Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысы Шамурайт  Шаменов айтты.

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 154-бабына сәйкес, ҚР заңнамасында көрсетілген кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салынғанын біле тұра, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған. Әкім орынбасары кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін 483 мың теңге көлемінде айыппұл төлеген.

«Есептік кезеңде Департаментпен 30 әкімшілік хаттама толтырылып, бюджетке 10 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл төленді», деді Департамент басшысы

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу белгiленген адамның осындай қызметпен айналысуы – әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасау заттары және құралдары немесе құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістер (дивидендтер), ақша, бағалы қағаздар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сондай-ақ оқыңыз