Рим Папасы Еуропаны мигранттар мәселесі үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға шақырды

Жарияланды

Католик әлемінің рухани жетекшісі Рим Папасы Франциск Еуропаны мигранттар мәселесі үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға шақырды. Бұл туралы Рим Папасы Францияның оңтүстігіндегі Марсель қаласына сапары кезінде мәлімдеді.

Жерорта теңізіне көші-қон тақырыбын қозғай отырып, Рим Папасы Франциск мигранттарды қоғамға біріктіру қажеттілігін мәлімдеді.

«Біз оларды жасырудың орнына, жақсы қарсы алуымыз керек. Олардан құтылу керек деп ойлау қате пікңр», – деді ол.

Рим Папасы Жерорта теңізі әлемнің айнасы екенін және «жаһандық бауырластыққа шақыруды қамтиды»деп атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз