Энергетика министрлігі Ресейден экспортталатын жанар май көлемін 110 мың тоннаға жеткізуді көздеп отыр

Жарияланды (жаңартылды )

Энергетика министрлігі АИ-92 бензинінің тапшылығын болдырмау үшін Ресейден 110 мың тонна мұнай өнімін экспорттау үшін келліссөз жүргізіп жатыр. Көрші елден импорталатын бензин ішкі нарықтағы бағаға әсерін тигізуі мүмкін. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов айтты, деп хабарлайды kursiv.media.

Оның айтуынша, министрлік АИ-92 және АИ-95 маркалы бензиннің бағасын өзгертуді жоспарлап отырған жоқ.

«Мысалы, АИ-92-нің бағасын мемлекет реттейді. Қазір шекті баға – 205 теңге (1 литрі). АИ-95 бензин бағасын мемлекет реттемейді. Оны нарық өзі реттейді. Сондықтан ойыншылар оның бағасын өздері қоюға құқылы. Бірақ бір өлшем бар. Бұл – тауардың өзіндік құны. Яғни Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бағаны өзіндік құн бойынша бағалайды. Қазақстанда өндірілген бензиннің өзіндік құны бізге анық. Оны бізде «ҚазМұнайгаз» АҚ, Petrosun компаниясы мен оның еншілес кәсіпорындары, өзге де тәуелсіз мұнай өңдеушілер шығарады», – деді Ерлан Ақкенженов министрлікте өткен брифингте.

Ол Ресейден жеткізілетін бензиннің бағасы нақты қанша болатынын айта алмады.

«РФ-нің бензині туралы айтқанда оның жеткізу құны мен өзіндік құнын есептеуіміз керек. Мұнда келісімшарт бекітілген күнге қарап, оған бізде салынатын алым-салықтарды қосу керек. Бүгінде күн сайын Ресей биржасында бензин бағасы құбылып тұр. Өзіндік құнын айтсақ, 390-400 теңге шамасында болуы мүмкін. Бірақ бұл – шамалап алғандағы көрсеткіш. Алайда бізге келетін Ресей бензині өзіндік құнынан төмен болмайды. Өйткені, олардың өздерінің сату бағасы бар. Оған біздің алым-салық пен тасымал шығынын қосу керек.
Дегенмен қолдағы бар қорды есептеп, Қазақстан күзді жанармай тапшылығынсыз өтізеді деп үміттенеміз», – деді вице-министр.

Сөз соңында ол ресейлік бензин қымбат болғанына қарамастан толық сатылып кеткенін жеткізді.

«Мен қателеспесем, «Газпром» компаниясы Алматыға жеткізген АИ-95 бензиннің бағасы литріне 298 теңге болды. Ол кезде Қазақстан бензинінің бағасы 250 теңге еді. Осыған қарамастан Ресей бензині толық сатылып кетті. Себебі, олардың бензиніне жанармай жолдарын тазартатын қоспа қосылған. Бұл көлікті жақсы жүргізетін көрінеді. Қазақстанда бензин бағасын көтермейміз. Қазіргі баға осы күйінде қалу үшін министрлік бүкіл шараны қабылдады», – деді Ақкенженов.

 Сонымен қатар Энергетика вице-министрі бензин бағасына 14 теңге қосылуына қатысты түсініктеме берді.

«Бірінше рет біз бұл құжаттың тек электронды нұсқасын көрдік. Өкінішке орай біз өзіміздің әріптестерімізбен, яғни ҚР Ұлттық экономика министрлігімен салық және міндетті төлемдер жайлы ештеңе талқылаған жоқпыз. Бұл сұрақты ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қойғандарыңыз дұрыс болар. Менің естуім бойынша бензин бағасына 14 теңге қосылуы мүмкін. Мен нақты ештеңе айта алмаймын. Маған нақты есептер көрсетілген жоқ. Тағы да қайталап айтамын. Бұл сұрақты ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қойыңыздар. Нақты неге 14 теңге қосылатының біз әлі білмейміз.»,-деді Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов.

Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, еліміздегі АИ-92 маркалы бензиннің қазіргі қоры бір айдан астам уақытқа жетеді.

«Біздің есептегі деректер бойынша және жинақталған қор мен қазан айындағы жөндеу маусымы келе жатқанын ескеріп айтсақ, Қазақстан бұл кезеңді қандай да бір тосын оқиғасыз өткізеді деп отырмыз. Бензин болады. Жанармай қоры туралы айтсақ, бензин жеткілікті. Әуе отыны шамамен екі айға, АИ-92 маркалы бензин бір айдан астам уақытқа, дизель 36 күнге, АИ-95 маркалы бензин, қателеспесем, 24 күнге жету керек»,-деді ҚР Энергетика вице-министрі.

«Қазіргі таңда Ауыл шаруашылық өнім өндірушілерге бөлінген жанармай көлемі 426 мың тонна. Әр өңірге бағасы бірдей. Яғни 250 теңге. Жанар-жағармай стандарты бойынша,-деді Ерлан Ақкенженов.

Сондай-ақ оқыңыз