2024 жылы Ресейдің әскерге бөлетін қаржысы КСРО кезіндегі көрсеткішке дейін өседі

Жарияланды

фото: ria.ru

Ресей келесі жылы қорғанысқа бөлінетін қаражатты анағұрлым ұлғайтуды жоспарлап отыр. Ресей билігі қорғаныс саласына 2024 жылы 10,7 трлн рубль жұмсамақ. Мұндай көрсеткіш осы уақытқа дейін бөлінген қаражаттың үштен біріне тең. Бұл жайлы «Ведомости» 2024-2026 жылдарға арналған бюджет жобасына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Ашық дереккөздерге сәйкес, Ресей осы уақытқа дейін мұндай бюджеттің үштен бірін де қорғаныс саласына жұмсамаған. Мұндай көрсеткіш КСРО-ның «соңғы тұяқ серпу» жылдарындағы қорғаныс саласына «құйған» қаражатымен тең екендігі хабарланды.

Ресей Үкіметінің келесі жылға жоспарлаған бюджеттік шығындарындағы маңызды бағыттар төмендегідей:

  • Қорғаныс саласы (барлық шығындардың 29,3% немесе 10,7 трлн рубль);
  • Әлеуметтік саясат (21,1% немесе 7,7 трлн рубль);
  • Экономика саласы (10,7% немесе 3,9 трлн рубль);
  • Қауіпсіздік саласы (9,2% немесе 3,4 трлн рубль).

Реті келгенде айта кетейік, Ресей билігі 2025 жылы әлеуметтік саясатқа қатысты бөлінетін қаржыны 7,6 трлн рубльге дейін азайтуды көздеп отыр. Ал 2026 жылы 7,8 трлн рубльге дейін арттырмақ.

Ресей экономикасын қолдауға қажетті қаражатқа келетін болсақ, 2025 және 2026 жылдары бұл бағытқа арналған қаржы 3,3 трлн рубльге дейін төмендейді.

Сондай-ақ оқыңыз