Бельгия ЕАДБ-ның жарты млрд доллардан астам қаражатын бұғаттан босатты

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Бельгияның қаржы министрлігі Еuroclear жүйесінде бұғатта жатқан ЕАДБ қаражатын аударуға арналған рұқсат қағазын берді. Бұл жайлы ЕАДБ есебінде жазылған.

Ұлттық есеп айырысу депозитарийінің Euroclear шотындағы ЕАДБ қаражаты 572,4 миллион долларға жеткен. Бұл банктің меншікті қаражаты.

ЕАДБ Бельгияның реттеуші органдарына Ұлттық есеп айырысу депозитарийі шотындағы активтеріне қатысты шектеулерді алып тастау туралы өтініш жіберген. Банк өзіне қарсы ешқандай санкциялар салынбағанын алға тартқан. Есепке сәйкес, ЕАДБ Euroclear шотындағы қаражаты 2023 жылдың 30 маусымдағы жағдай бойынша $572,4 млн құрайды. Оның ішіне 64,4 млн доларды құрайтын резервтегі қаражат та бар. Рұқсат қағазына сәйкес банк бұл қаражатты жеке банк шотына 2023 жылдың қыркүйегінен бастап аудара алады.

Еуроодақ 2022 жылдың 3 маусымында алтыншы санкциялар пакетін енгізеді. Сол кезде ЕАДБ шоты бұғатталады. Бұл қадамды Швейцария да қолдайды. ЕО санкциясы негізінде Еуропалық Одақ аумағындағы активтерін толығымен бұғатталып, Ресейдің Ұлттық есеп айырысу депозитарийімен мәмілелер жасауға тыйым салынады. Осылайша Ұлттық есеп айырысу депозитарийімен және басқа да ірі шетелдік депозитарийлер – Euroclear және Clearstream арасындағы «көпір» 3 маусымнан әлдеқайда ертерек жойылады.

2023 жазында Қазақстанның банктегі үлесі артты. Еақтырақ айтқанда 28 маусым күні қатысушы мемлекеттер арасында жарғылық капиталды қайта бөлу туралы шешім қабылданған. Нәтижесінже Ресей акциялар пакетінің бір бөлігі басқа мүше мемлекеттер арасында біркелкі қайта бөлінген. Осылайша жарғылық капиталдағы Ресей үлесі 66%-дан 44,8%-ға төмендесе, Қазақстанның үлесі 33%-дан 37,3%-ға өсті.

Жалпы, банктің инвестициялық портфелінің жалпы құны 13,4 млрд долларға жетті. 

Сондай-ақ оқыңыз