Елімізде ұрлық жасау 28,2 пайызға төмендеген – Бас прокуратура
Қазақстанда 2023 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша ұрлық жасау фактілері 28,2%-ға төмендеген. Өткен жылы 42 752 іс тіркелсе, осы 30 173 іс қозғалған. Бұл мәліметтер Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің статистикалық деректерінде келтірілген.
Аймақ бойынша ұрлық ең көп тіркелген өңір – Алматы қаласы. Мұнда – 7154 іс тіркелген. Сондай-ақ Астанада – 3541, Алматы облысында -2197, Қарағанды облысында – 2114, Қостанай облысында – 1519, Ақтөбе облысында – 1413, Шымкентте 1447 іс тіркелген.
Құқықытық статистика комитетінің есебіне сәйкес, ұялы телефондар ұрлығы 11,3%-ға төмендеген. Нақтырақ айтқанда, бұл қылмыс бойынша елімізде барлығы 7967 құқықбұзушылық тіркелген.
Олардың басым бөлігі Алматы қаласында – 2287, Астанада – 844, Алматы облысында – 576, Қарағанды облысында- 527, Ақтөбе облысында – 424, Абай облысында – 431 және Шымкентте – 467 тіркелген.
Ал автокөлік ұрлығы бойынша да қылмыстың азайғаны байқалады. Мұндай ұрлыққа қатысты 197 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген, бұл өткен жыл кезеңімен салыстырғанда 14,3%-ға аз екен.
Пәтер ұрлығы қатысты қылмыстар 3303-тен2707-ге немесе 18%-ға төмендеген. Ал мал ұрлығы фактісі бойынша 960 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Көрсеткіштер өткен жылғыдан 17,7%-ға азайған.