OpenAI өз акцияларының құнын 90 миллиард долларға дейін жеткізіп, сәтті сату жолын қарастырып жатыр

Жарияланды

фото: cisoclub.ru

Әлемге әйгілі ChatGPT туындыгері OpenAI инвесторлармен акциялардың ықтимал сатылымы туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Wall Street Journal-дың хабарлауынша,
акция барысындағы стартаптың құны 80-нен басталып, 90 миллиард долларға дейін жетпекші.

Сонымен қатар, басылым акцияларды талқыға салған топтың пікірін де дәйектейді. Олар қызықты жасанды интеллект стартапының құнын бұрын-cоңды болмаған суммаға бағаланғанын айтып, жаһанға жар салған. Мұндай сумма көлемі жыл басындағы акция бағасынан үш есе жоғары.

Журналдың жазуынша, мәні жоғары мәміленің арқасында компания өзінің акцияларын табысты сата алады. Оның «шапағаты» келесі қаржы көзі мен жаңа бетбұрыстарды тапқанға дейін толығымен жетеді. Дереккөздерге сенсек, OpenAI мәміле үшін инвесторларды тарта бастады, дегенмен шарттар әлі де өзгеруі мүмкін.

Расында, акцияларды кем дегенде 80 миллиард долларға бағалау – OpenAI-ді әлемдегі ең құнды стартаптардың біріне айналдырары сөзсіз.

Естеріңізге сала кетейік, Microsoft корпорациясы Сэм Альтман негізін қалаған OpenAI-ге 13 миллиард доллар инвестиция салды. Bloomberg-тің хабарлауынша , компанияның жылдық кірісі 1 миллиард долларға жуықтайды , өйткені кәсіпорындар ChatGPT технологиясын қолданады.

Орайы келгенде айта кетейік, OpenAI мүмкіндіктері шексіз. Компания өнімдері бірнеше қарапайым командалар көмегімен өлең жазып, сурет сызады. Мұндай қабілетке ие компания генеративті жасанды интеллектті игерген әлемдегі жетекші құрылымның бірі болып саналады. Қараша айында, ChatGPT дебют жасағаннан бері, OpenAI жас фирмалардан бастап ірі корпорацияларға дейін қамтып, аталмыш технологияны өз бизнесі мен өнімдеріне енгізу үшін түрлі компаниялармен серіктестік құрды.

Сондай-ақ оқыңыз