Узавтоөндіріс пен қытайлық BYD Өзбекстанда электромобиль шығаруды қолға алмақ

Жарияланды

фото: gazeta.uz

Өзбекстанның Инвестиция, өнеркәсіп және сауда министрлігі мен қытайлық BYD автоөндірушісі елде электр және гибридті көлік құралдары мен олардың құрамдас бөліктерін шығаруды қолға алу туралы келісімге қол қойды. Инвестициялық келісім бойынша әндіжан аймағында электромобиль шығару ұйымдастырылады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Құжатқа сәйкес, қытайлық BYD Auto компаниясы және «Узавтосаноат» АҚ («Узавтоөндіріс») республикада электр және гибридті автомобильдер шығару бойынша BYD Uzbekistan Factory бірлескен кәсіпорнын құрады. Инвестициялық жобаның бірінші және екінші кезеңінде жоспарланған өндіріс көлемі 50 мың, ал үшінші кезеңнің аяқталуымен жылына 300 мың автомобиль болады, делінген хабарламада.

Орайы келгенде айта кетейік, сейсенбі күні Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеев BYD компаниясының президенті және компанияның негізін қалаушы Ван Чуанфумен кездесті:

фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

«Компанияның Өзбекстандағы қызметін кеңейтудің практикалық аспектілері зерделенді. Атап айтқанда, Жызақ облысында гибридті және электр автомобильдері өндірістік алаңын тезірек іске қосу, келесі кезеңдерде оның қуаттылығын 300 мыңға дейін ұлғайту мәселелері қаралды», – деп хабарлады Өзбекстан мемлекеті басшысының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, екі жақсы келіссөзде көлік құралының құнын төмендету үшін жинақтаушы және қосалқы бөлшектерді шығаруды жергілікті жерде қолға алу, сондай-ақ үшінші елдердің нарықтарына автомобильдер экспортын ұйымдастыру жобалары қарастырылды.

Кездесуде инженерлік-сервистік орталықтар құру арқылы Өзбекстанға BYD электр автобустарын жеткізу жоспарлары қолдау тапты.

Еске сала кетейік, «Узавтосанат» АҚ (ред. – Узавтоөндіріс) және BYD Auto Өзбекстанда 2022 жылдың тамызында толық циклді автомобильдер шығаруды ұйымдастыру туралы келісімге келді. Кездесу нәтижесінде көлік өндірісін дамытуды көздеген тиісті келісімге қол қойылды. 2023 жылдың басынан бастап BYD бренді Өзбекстанның нарығына ресми түрде «табан тіреді».

BYD Co. Ltd. – Қытайдағы жетекші жаңа энергия өндірушісі (NEW).

Сондай-ақ оқыңыз