Орал әуежайы жөндеуге байланысты үш күн бойы ұшақтарды қабылдамайды

Жарияланды
аэропорт Уральск
Фото: Аeroport.kz

Мәншүк Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайында такси жолының жабындары жөнделуде. Қазан айында әуежай әуе кемелерін қабылдау және ұшу үшін жабылады, деп хабарлайды Мой город әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орал халықаралық әуежайының баспасөз қызметінің басшысы Айнагүл Сакпусунованың айтуынша, әуежай 8 қазан сағат 02:00-ден 10 қазан сағат 05:00-ге дейін жабылады. 12 қазанда әуежай сағат 01:30-дан 17:00-ге дейін әуе кемелерін қабылдамайды

Баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл мәжбүрлі шара. Ол әуе кемелерін пайдалану және жолаушыларға қызмет көрсету қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыз