ЖОО талапкерлері үшін 4 мың грант орындары қайта тағайындалды

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Жазғы конкурстан кейін 4 мың грант орны бос қалған. ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігі осы гранттарды конкурстан өтпей қалған абитуриенттер арасында қайта тағайындады. Бұл жайлы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

«4000-нан астам талапкер мемлекеттік білім грантының иегері атанды. Республикалық комиссияның шешімі негізінде жазғы қабылдау науқанының қорытындысы бойынша конкурстан кейін қалған бос гранттар қайта тағайындалды», делінген хабарламада.

Гранттардың басым көпшілігі педагогикалық және инженерлік ғылымдар, сонымен қатар «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» салаларына бөлінген.

Еске сала кетейік, Биыл жоғары оқу орындарында оқу үшін 88 мың грант бөлінгенін хабарланды. Бакалавриатқа түсу үшін 2023-2024 оқу жылында 73 мыңға жуық грант бөлінді. Магистратураға түсуге 13 мыңнан астам, докторантураға түсуге 1800-ден астам грант бөлінген. 

Сондай-ақ оқыңыз