Қазақстанда шет тілі мен кәсіптік курстардың бағасы қымбаттады

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Биыл елімізде сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар (білім деңгейі бойынша бөлінбеген) бойынша кәсіптік оқыту курстарының құны 10,7%, шет тілі курстары 14,1% қымбаттады. Бұл туралы ranking.kz жазады.

Жылдық динамикада кәсіптік оқыту курстарының бағасыны Түркістан облысында (50%) қатты қымбаттаса, Павлодар облысында (0,7%)аз ғана көтерілген. Тағы төрт облыс: Абай, Ақмола, Жетісу және Қызылорда облысында баға былтырғы деңгейде қалды. Батыс Қазақстан облысында қызмет 3,6% арзандады.

Шет тілі курстары Жетісу өңірінде қатты қымбаттаған: 60%. Одан кейін Алматы мен Астанада да баға айтарлықтай көтерілді: тиісінше 31,8% және 23,8%. Бағаның ең төмен жылдық өсімі Алматы облысында тіркелді: 2,3%. Ақмола облысында баға былтырғы деңгейде қалды.

Биыл екінші тоқсанда елімізде 9,2 млрд теңгенің қосымша білім беру қызметі көрсетілген. Бұл былтырғы көсеткіштен 19,8% артық. Қызметтердің басым бөлігі бюджет қаражаты есебінен көрсетілген: 3,5 млрд теңге, бір жылда 33,6% көбейген. Кәсіпорындар есебінен көрсетілген қызмет көлемі 2,9 млрд теңге (25,1% көбейген), халықтың қаражатынан 2,8 млрд теңге (2,2% көбейген) болды.

Былтыр сәйкес кезеңде бұл көрсеткіш 7,7 млрд теңгеге жетіп, бір жылда 43,4% артқан.

Өңірлер бойынша сектордағы ең көп қызмет Алматыға тиесілі — ҚР-ның 33,8%-ы: 3,1 млрд теңге — былтырғыдан 1% артық.

Алғашқы бестікте сондай-ақ Астана (2,4 млрд теңге, 27,2% көбейген), Атырау (1,2 млрд теңге, 53,2% көбейген), Маңғыстау (504,7 млн ​​теңге, 49,7% көбейген) және Қызылорда (462,8 млн теңге, 63,8% көбейген) облыстары.

Ең аз қызмет Шығыс Қазақстан (5 млн теңге), Жетісу (15,9 млн теңге) және Ұлытау (33,6 млн теңге) облыстарында көрсетілген.

Кәсіпорындардың меншік түрлері бойынша ең көп қосымша білім беру қызметін көрсеткен компаниялар жеке меншік компаниялар: 5 млрд теңге, былтырғыдан 10,6% аз. Мемлекеттік компаниялар көрсеткен қызмет көлемі 2,1 есе, 3,7 млрд теңгеге дейін, ал шетелдік компаниялар қызметі 38,2%-, 484,1 млн теңгеге дейін өсті.

Биылғы оқу жылында елімізде 2,9 млн баланы қосымша біліммен қамту жоспарланған, Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлайды. Бұл жалпы оқушылар санының 81,1%-ы. 2023–2025 жылдар аралығында ауыл мектептерінде мәдениет үйлерін ашу жоспарлануда, бұл қалалық және ауылдық жерлерде қосымша білім беру қызметінің сапасындағы алшақтықты азайтуға мүмкіндік береді.

Бұған дейін нарықта dijital дағдыларды меңгерген мамандар сұраныста екенін жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз