Қазақстанда заңды тұлғалардың бенефициар иелерінің тізілімі құрылды – ҚМА
Қаржы мониторингі агенттігі Қазақстанда заңды тұлғалардың бенефициар иелерінің тізілімін құрды.
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының «Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің Тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің Тізілімін жүргізу қағидалары Қазақстан Республикасы «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 6-1-бабына сәйкес әзірленген.
Тізілім уәкілетті орган порталының жабық бөлігінде орналастырылады және заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерін тіркеуге, іздеуге және тексеруге арналған.
Тізілімді қалыптастыруды уәкілетті орган мынадай негізде жүзеге асырады:
- өзге де мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау;
- құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың уәкілетті органға олардың қызметі шеңберінде анықталған заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелері туралы ақпарат беруі;
- қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуларды өзге мемлекеттік органдарға жіберуі;
- уәкілетті органның сұрау салуы бойынша заңды тұлғалардың өздерінің бенефициарлық меншік иелері туралы ақпаратты және мәліметтерді ұсынуы;
- құқық қорғау органдарының, қаржы мониторингі субъектілерінің, және реттеуші мемлекеттік органдардың бақылаудағы субъектілер бойынша кері байланысы.
Тізілімді жүргізуді уәкілетті орган заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелері туралы бастапқы дереккөздерді талдау және алынған ақпаратты өзектендіру жолымен жүзеге асырады.
Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иесі бойынша енгізілген мәліметтер жалпы Тізілімде сақталады және көрсетіледі және Тізілімінің барлық пайдаланушыларына қолжетімді болады.