СҚО мал дәрігерлері ет өнімдеріне ветеринарлық анықтамаларды қолдан жасаған – Прокуратура

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Солтүстік Қазақстан облысының мал дәрігерлері ветеринариялық құжаттарды қолдан жасап отырған. Ет өнімдеріне жалған ветеринарлық анықтамалар мен вакцинация актілері берлеген. Бұл жайлы СҚО прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

«СҚО саласында прокурорлары талдау жүргізу кезінде ветеринария саласындағы елеулі бұзушылықтарды анықтады. Ветеринариялық қызметтер «Ветеринария туралы» Заңның талаптарын сақтамастан, ветеринариялық құжаттарды беру және жануарларды вакцинациялау тәртібін бұзған, ірі қара малға диагностикалық зерттеулер толық көлемде жүргізілмеген», делінген баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ ветеринариялық құжаттарды қолдан жасау фактілері анықталып, олар бойынша  Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша 4 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Аудан әкімдіктері ветеринариялық ережелердің талаптарын бұза отырып, мал қорымдарын тиісті күтіп-ұстауды қамтамасыз етпеген. Мал сою тәртібін бұзған. Малды арнайы пункттерде емес, жеке аулаларда сою тәжірибесі әлі де жалғасуда.

Қадағалау органының актісі бойынша 24 лауазымды тұлға, оның ішінде Ветеринария басқармасының басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ оқыңыз