Автобус жүргізушілері мен таксистер сапар алдындағы медициналық тексеруден онлайн өте алады

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Жүргізушілер енді рейс алдындағы медициналық тексеруден онлайн өте алады. Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багаж тасымалдау қағидаларына осындай өзгеріс енгізілді.

Сапар алдындағы және сапардан кейінгі медициналық онлайн тексеріс медицина қызметкері немесе медициналық ұйымның тікелей қатысуынсыз, автоматтандырылған жүйе арқылы өткізіледі.

Егер электронды жол құжаты болса, рейске дейiн 30 минут бұрын немесе рейс аяқталғаннан кейiн онлайн форматта өтуге болады.

Онлайн тексерістен өту үшін алдымен жүргізушінің жеке тұлғасы биометриялық сәйкестендіріліп, сосын шағымы бойынша онлайн сауалнама толтырады. Көз қарашығы, алкоголь ішіп-ішпегені тексеріледі. Дене қызуы мен қан қысымы өлшенеді.

Автоматтандырылған жүйе нәтиже бұрмаланбас үшін медициналық куәландыру процесін фото және бейнежазбаға түсіріп тұрады.

Бұған дейін Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілеріне қойылар талап күшейтінін жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз