Прокуратура 63 млрд теңгенің жобасына жер ала алмаған инвесторға көмектесті

Жарияланды
Инвестор из Испании смог запустить производство говядины за 63 млрд тенге только после вмешательства прокуратуры
Фото: kursiv.media

Ақмола облысынң прокуратурасы 63 млрд теңгенің жобасына жер ала алмаған инвесторға көмектесті. Бұл жайлы прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді жүргізеді.    Бұл прокуратура органдарының қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі. Ақмола облысының прокуратурасы құны 63 млрд теңге болатын «Big Farm» ЖШС (Urbas Crupo) инвестициялық жобасының проблемалық мәселесін оң шешті», делінген хабарламада.

Инвестор жылына 7200 тонна асыл тұқымды сиыр етін өндіруді жоспарлаған. Алайда испан инвесторы 3 жыл ішінде инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін қажетті жер учаскесін ала алмаған. Одан бөлек ол құрылысқа рұқсат беру құжаттарын алуда кедергілер мен әкімшілік кедергілерге тап болған.

«Бүгінгі таңда облыс прокуратурасы кешенді шаралармен «Big Farm» ЖШС шетелдік инвесторының (отандық бизнес өкілдерінің қатысуымен) жобасын сүйемелдеу шеңберінде жұмысын бастады», деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, EGov деректеріне сәйкес, «Big Farm» ЖШС 2016 жылы 29 наурызда құрылған. Құрылтайшылары: Әбу Әмірхан Оралбайұлы (сонымен бірге ЖШС басшысы), Әбуов Оралбай Әскериғалиұлы, Нұрпейісова Дина Бейбітқызы, Вахрушева Мария Павловна, Тасимов Қайрат Амангелдіұлы.

Сондай-ақ оқыңыз