Си Цзиньпин АҚШ-ты Қытаймен қарым-қатынасты тұрақтандыруға шақырды
Пекин мен Вашингтон қарым-қатынасты тұрақтандырып, оны келесі деңгейге көтеруі керек. АҚШ-қа осындай үндеумен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Бейжіңдегі американдық сенаторлар делегациясымен кездесу барысында жүгінді, деп хабарлайды CGTN.
«Біздің елдеріміздің мақсаты- қарым-қатынасты тұрақтандыру және жақсарту, жаңа тарихи дәуірде бірге өмір сүрудің дұрыс жолын табу», – деді Қытай басшысы.
Қытай мен АҚШ-тың қатар өмір сүруінің тарихи логикасы, сондай-ақ екі ел халықтарының алмасу мен ынтымақтастыққа деген ұмтылысы өзгеріссіз қалады, деді Си.
Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден қараша айында Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы елдерінің саммитінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу ықтималдығын растады. Бірақ әзірге нақты келісім жоқ екенін атап өтті. «Әзірге мұндай кездесу тағайындалмады, бірақ мүмкіндік бар», — деді Байден.