Қазақстан мен Еуроодақ арасында әуе қатынасы кеңейеді

Жарияланды

Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық Комиссиямен өткен кездесуде Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы әуе қатынасын кеңейту туралы арнайы келісім жобасы талқыланды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Жиында Еуропалық Комиссия дирекциясы басшысының орынбасары Клаус Гель мырзамен кездесу өтті. Тараптар жоба негізінде жүргізіліп жатқан жұмысты бағалап, прогресті атап өткен. Сонымен қатар, комитеттің хабарлауынша, келісімге қол қою жөніндегі жұмысты жалғастыруға уағдаласқан.

«Көлденең келісімге» қол қою Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы әуе қатынасын кеңейтуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде туристік, мәдени, экономикалық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді», – деді ҚР КММ әкімшілігі.

Еуропалық комиссиядағы Ұшу қауіпсіздігі бойынша комитеттің төрағасы Питер Бомбей Қазақстанның авиациялық билік орындарының ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша қабылдап жатқан шараларына оң баға берді.

Кездесу соңында жұмысты күшейтіп, дамуы қажет бағыттар атап өтілді.

Айта кетейік, Азаматтық авиация комитетінің Еуропалық Комиссия өкілдерімен өзара тиімді іс-қимылы Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыру үшін жалғасатын болады.

Сондай-ақ оқыңыз