Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімін өндіру 9,9%-ға төмендеді
Қаңтар-қыркүйек айларындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру 9,9%-ға төмендеді. Бұл 8 жыл ішіндегі ең нашар көрсеткіш екені хабарланды. Тоғыз айдағы төмен меже жайлы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы деректерінде айтылды.
БКБ аналитикалық орталығы мамандарының хабарлауынша, мұндай төмен көрсеткішке биылғы құрғақшылық, шегірткелердің зардабы мен ақбөкендердің ауа жайылуы, егін жинау кезінде ұзаққа созылған жаңбыр себеп болған.
Диқандар мен шаруа қожалықтарын тығырыққа тіреген факторлар өнім өндіру деңгейін кері кетірген.
Сарапшылар бидай өнімі арқылы өнім өрдірісінің көлемін былай анықтайды:
2023 жылы ҚР АШМ жалпы астық көлемі 11,2 млн т деңгейінде күтеді, егер бұл болжам болса, 2022 жылға қарай ол 32% – (((5,2 млн т) құрайды. Нәтиженің өзі 10 жылдан кейін алынады, – дейді олар.
Бір айта кетерлігі, бұл жерде фермерлер үшін 2022 жыл сәтті болғанын нақтылау маңызды. Сондықтан салыстыру өте айқын емес. Сонымен қатар, 2019 және 2021 жылдардағы көрсеткіш сәл жақсырақ болды. Сәйкесінше 11,5 миллион тонна және 11,8 миллион тонна өнім алынды. Жиын-терім уақытында да шығын шықпады. Мамандар егін жинау науқанындағы ауа райының маңызына тоқталады:
Екінші жағынан, егін жинау кезінде ұзаққа созылған жаңбыр болмаса да, астық сапасы қазіргідей әсер етпеді, – дейді олар.
Естеріңізде болса,Жиын-терін басталған кезде қатарынан үш апта толассыз жауған жаңбырдың кесірінен дихандар астық жинай алмады. Қолайсыз ауа-райының кесірінен жаңа түсімнің сапасы нашарлап, астық өніп, ылғалданып, қызып және егіс өнімділігі төмендеген. Ал Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстанда қант пен ұн тапшылығы болмайтынын айтқан.