57 млн теңгенің алтын әшекейін шекарадан заңсыз алып өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
афм
Фото: shutterstock

Қазақстан азаматы Түркиядан 57 млн теңгенің әшекейін әкеліп, шекарадан заңсыз алып өтпек болған. Сонымен қатар, тауарын кедергісіз өткізу үшін кеденшілерге 860 мың теңге пара берген. ҚМА мәліметінше, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталған.

«Түркиядан контрабандалық зергерлік бұйымдарды әкеліп, елорда әуежайында кедергісіз өту үшін пара бермек болған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды», делінген ҚМА таратқан хабарламада.

Сот күдіктілерге екі айға дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын белгіледі. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Азамат жүкті кедергісіз кесіп өткені, тексергені және кедендік ресімдегені үшін Астана әуежайының кеден бекетіндегі лауазымды тұлғаға 860 мың теңге берген», – делінген хабарламада.

Бұған дейін ҚМА Алматы қаласы департаментінің қызметкерлері жалпы сомасы 20 300 болатын 100 долларлық купюра сатпақ болғандарды анықтаған.

Сонымен қатар Қырғызстаннан БҚО-ға құны 1 млрд теңге болатын темекі өнімдері заңсыз тасымалданғаны анықталды.

Жыл басынан қаржы айналымы 17 млрд теңгеден асқан заңсыз 9 крипто алмастырғыш жойылған.

Сондай-ақ оқыңыз