Қазақстанда мұнай экспортынан түскен табыс 15%-ға дейін қысқарды

Жарияланды
Мұнай бағасы арзандады

Фото: kursiv.media


Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, қаңтар-тамызда Қазақстан шетелден мұнай жеткізуден 27,9 млрд доллар табыс тапты.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл – 14,5%-ға немесе 4,7 млрд теңгеге кем көрсеткіш.

Мұнай экспортының өсімі ақпан, шілде айларында ғана байқалды. Қалған айлардағы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай аз болды.

Бір жыл бұрын Қазақстан мұнай экспортынан айына орта есеппен 4,1 млрд доллар табыс тапса, қазір 3,5 млрд долларды қанағат тұтып отыр.
Мұнай экспортының көлемі ұлғайғанына қарамастан, табыс 0,6 млрд долларды ғана құрады.

DataHub атап көрсеткендей, Қазақстан шетелге сатқан мұнай көлемін 3%-ға арттырған. Бұған дейін 46,2 млн тонна мұнай экспорттаса, есептік кезеңде шетелге 47,6 млн тонна мұнай жөнелткен. Алайда табысын еселей алмаған.

Сарапшылардың сөзінше, мұндай жағдайға мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуі себеп болып отыр. Бұған дәлел ретінде 2022 жылдың 8 айында бір тонна мұнайдың орташа экспорттық бағасы 17%-ға немесе 586,6 долларға дейін төмендегенін келтіруге болады.
Айта кетейік,бұған дейін ЕАЭО-да мұнай паспортының бірыңғай нысаны белгіленгенін хабарлағанбыз.

Бұған қоса қазақ мұнайы «Адриа» мұнай құбыры арқылы Балқан мен Шығыс Еуропа елдеріне тасымалдануы мүмкін екенін жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз