«АрселорМиттал Теміртау» басқарушысы күніне 1 млн теңге жалақы алып отырған

Жарияланды
АМТ басқарушысының жалақысы күніне 1 млн теңгені құрады

Компания өзінің басқарушы Палаватху Кришнан Наир Биджуға 2021 жылы 375,9 млн теңге немесе айына 31,3 млн теңге төледі. Сонда компания басқарушысы бір күнде 1 млн теңге жалақы алып отырған, деп хабарлайды Кazinform агенттігі.

Бұл деректерді Finance.kz Telegram арнасы жариялады.

«2022 жылғы деректер жоқ, компания оларды жай ғана қаржылық есептілік депозитарийінің порталына жүктемеген. Бірақ қаржылық есептер 31 тамызға дейін болуы тиіс болған. 2020 жылы Палаватху Кришнан Наир Биджу 344 миллион теңге алды. 2019 жылы оның алдындағы басшысы Парамжит Сингх Калон 328 миллион теңге алды. 2022 жылдың тамызында берілген соңғы есепке сәйкес, Арселормитталдың 2021 жылы таза пайдасы 215 миллиард теңгені құрады» – делінген басылымда.

Сондай-ақ оқыңыз