Байден республикалықтардың тек Израильге көмектесу туралы заң жобасына қарсы

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы

Фото: kursiv.media

АҚШ сенаторлары сейсенбі күні республикалықтар ұсынған Украинаны қоспай, тек Израильге 14,3 миллиард доллар көмек көрсету туралы заң жобасының қабылданатынына күмәнмен қарайтындарын айтты. Ал демократ-президент Джо Байден заң жобасы қабылданған жағдайда оған вето қоятынын айтқан. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Президент Джо Байден Израиль мен Украинаға көмекке, Тынық мұхиты аумағында Қытаймен бәсекелестікке және АҚШ-Мексика шекарасында қауіпсіздікті сақтау үшін қосымша көмекті 106 миллиард деп белгілеуді өтінген болатын.

Алайда Өкілдер палатасына жаңа спикер Майк Джонсон келгелі ұсынылған алғашқы заң жобасы тек Израильге қосымша қаржылай көмек көрсету туралы болған.

Өкілдер палатасында 221 орынның 212-де республикалықтар отыр. Бірақ Байденге жақтас демократтар Сенаттағы 51 орынның 49 алған. Заң жобасы алдымен Өкілдер палатасы мен Сенаттан өтіп, кейін Байден қол қоюы қажет. Сенаттағы демократтардың бірі Reuters-ке тек Израильге көмек беру жобасы Өкілдер палатасынан өтсе де, Сенат оның қабылдамайтынын айтқан. Ал Ақ үйдегі президент әкімшілігі екі палата да жобаны қабылдаса, президент вето құқығын қолданатынын айтқан.

«Бұл заң жобасы Израиль үшін де, таяу шығыс аймағын үшін де және АҚШ ұлттық қауіпсіздігі үшін де зиянды», – деп хабарлаған Ақ үй.

Кейінірек АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Өңірлер палатасының жаңа спикері Майк Джонсонмен Сенатта кездескен. Сенаттағы кездесуде қорғаныс министрі Ллойд Остин де болған. Ол Украина Ресей басқыншыларымен күресу үшін АҚШ қолдауына зәру екенін айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз