Moody's агенттігі "Бәйтерек" холдингінің рейтингін растады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы

Фото: kursiv.media

Moody’s Investors Service агенттігі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның рейтингін растады. Холдингтің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді эмитент рейтингі – Baa2/Prime-2 деңгейінде, болжам – «Позитивті». Бұл туралы Қазақстан қор биржасына жолданған хабарламада жазылған.

«2023 жылғы 31 қазанда Moody’s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді эмитент рейтингін Baa2/Prime-2 деңгейінде растады, болжамы позитивті деңгейіне жақсарды», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар агенттік «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес үйымы – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ эмитентінің Baa2 деңгейіндегі ұзақ мерзімді рейтигін растап, бұл ретте болжам «тұрақтыдан» «оңға» өзгертілген.

«Бұл Moody’s-тің 2023 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының рейтингін Baa2 деңгейінде растау және оның болжамын «тұрақтыдан» «оңға» өзгерту шешіміне байланысты болды», – делінген банк хабрламасында.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» – Қазақстан экономикасын әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайтуды қолдайтын, оны дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін ұлттық институт.

Оның жалғыз акционері – Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті. Холдинг 2022 жыл үшін 58,6 млрд теңге дивиденд төлейтінін жариялады. Қазан айында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің ұжымына жаңа басшы болып Нұрлан Байбазаров тағайындалды.

Бүған дейін «Бәйтерек» холдингі компаниялары қанша дивиденд төлейтінін жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз