Энергетика министрі Алматыдағы ЖЭО-ы қазан толықтай газға көшірілетінін айтты
Алматыдағы 2-ЖЭО 2025 жылдан бастап кезең-кезеңімен, ал 3-ЖЭО 2026 жылы газға көшіріледі. Оңтүстік астанаға сапары барысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев «Алматы электр станциялары» АҚ 2-ЖЭО және «Алматыжылужайэнерго» ЖШС «Орбита» қазандығының жұмыстарымен танысты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
2-ЖЭО-да министр әкімдік, «Самұрық-Энерго» АҚ өкілдерінің қатысуымен жылыту кезеңінен өту жөніндегі үйлестіру штабының кеңесін өткізді.
«Алматы ЖЭО-2 өкілдері EPC газға ауыстыру бойынша мердігер анықталғанын, жұмыстар басталғанын хабарлады. Белсенді кезең 2024 жылы басталып, 2026 жылдың соңына дейін аяқталады» делінген хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес 2-ЖЭО-дағы № 3 қазандық пен № 1, 2 турбиналарға күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
№ 5 қазандықты күрделі жөндеу жұмыстары да аяқталып келеді.
«Жалпы, «Алматы электр станциялары» АҚ бойынша жөндеу науқаны ағымдағы жылдың қараша айының соңында аяқталады. Күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа дайындық паспорты алынды» делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, мамыр айының соңында Алматы ЖЭО-2-ні газға көшіретін мердігер ретінде қытайлық консорциум таңдалғаны белгілі болған еді.
Мердігерді анықтау үшін, «Алматы ЖЭО-2-ні қоршаған ортаға әсерін барынша азайта отырып, жаңғырту» жобасы шеңберінде, Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) халықаралық стандарттары мен қағидалары бойынша өткен екі кезеңді ашық халықаралық тендер өткізілген. Тендер өткен жылдың қазан айында жарияланған болатын. Барлығы 6 қатысушыдан өтінімдер келіп түсті. Тендердің 2-кезеңі аясында екі өтінім қаралған. Нәтижесінде, ЕҚДБ ережелеріне сәйкес, конкурс өтті деп саналады және банк 2023 жылдың мамыр айының соңында оның жеңімпазы – үш қытайлық компанияның консорциумын растады.
лматыда газбен жанатын жаңа Алматы ЖЭО-2 салынады. Жобаны салатын қытайлық консорциумға 324 миллиард теңге көлемінде қаражат жұмсалады. Бұл жайлы «Алматы электр станциялары» АҚ (АлЭС) Басқарма Төрағасы Ерлан Қырқынбаев айтқан болатын.
Алматы ЖЭО-2 газға көшіру үшін «Қазақстанның Даму Банкі» мен «Алматы электр станциялары» АҚ кредиттік желі ашу туралы келісімге қол қойды. Бұл жайлы банктің баспасөз орталығы хабарлады. Сондай-ақ, Алматыдағы Жақұтов атындағы №2 ЖЭО жаңғырту жобасын Азия даму банкі және Еуропа қайта құру және даму банкі де бірлесе қаржыландыратыны хабарланған еді.