Мәміле шарттары құпия: «Қазатомөнеркәсіп» Қытаймен табиғи уран концентратын жеткізуге келісті

Жарияланды
Қазатомөнеркәсіп қытайлық компанияға табиғи уран жеткізеді / коллаж kursiv.media

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ қытайлық CNUC компаниясымен қазақстандық табиғи уран концентратын жеткізу жөніндегі келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы Ұлттық компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Компанияның дерегінше, CNUC компаниясымен ұзақ мерзімді мәміле жасасу 2023 жылғы мамырдағы акционерлердің жылдық жалпы жиналысында мақұлданған. Келісімге-шартқа Шанхай қаласында өткен China International Import Expo 2023 көрмесінде қол қойылды.

Келісімшарттың көлемі мен коммерциялық шарттары құпия әрі коммерциялық тұрғыдан сезімтал болғандықтан көпшілікке жария етілмейтінін атап өтті, Ұлттық компания.

Дегенмен, қытайлық ірі энергетикалық компаниямен жасалған бұл келісімшарт Қытайдың таза, көміртексіз электр энергиясына деген өсіп келе жатқан қажеттілікті қамтамасыз етуге бағытталыпты.

«Қазатомөнеркәсіптің нарыққа бағдарланған стратегиясы барлық мүдделі тараптар үшін ұзақ мерзімді құн құру мақсатында табиғи уран концентраттарын өндіруге, өңдеуге және сатуға бағытталған», дейді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ стратегия және маркетинг жөніндегі басқарушы директоры Сейітжан Жәнібеков. .

Бұған дейін, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС Қазақстан-Қытай бірлескен зауытында дайындалған жылу бөлетін құрамалардың (ЖБҚ) партиясын, Янцзян АЭС-ына арналған ядролық отынды Қытайға жеткізгенін хабарлаған едік.

Өскемен қаласындағы «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС кәсіпорнында дайындалған жоғары технологиялық ядролық отын сапа бақылауынан сәтті өткен. Бұл отынды дайындауда отандық мамандар Қытайдың CGN компаниясымен бірлесе жұмыс істеген.

Айта кету керек, China National Uranium Corporation Limited ( CNUC ) China National Nuclear Corporation (CNNC) компаниясының еншілес ұйымы

Сондай-ақ оқыңыз