ҰҚК-нен Тұңғыш Президентті қорғау туралы тармақты алып тастау жоспарлануда

Жарияланды
Фото: shutterstock

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) туралы ережеден Республиканың Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қорғау туралы тармақты алып тастау жоспарлануда.

Не болды. «Ашық НҚА» порталында Қазақстан Президенті Жарлығының жобасы жарияланды, ол ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені өзгертуді көздейді.

Өзгерістер. Осы құжатқа сәйкес ҰҚК туралы ережеден Республиканың Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қорғау туралы жарғыеы алып тастау жоспарлануда.

Осылайша, 14-тармақтың 2-тармақшасының 13-абзацының жаңа редакциясында ҰҚК Елбасының мәртебесі туралы нақтылаусыз «Қазақстан Республикасы Президентінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысуы» тиіс делінген.

Бұрынғы редакцияда Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысуға» міндетті екендігі айтылған.

Жарлықтың жобасы 24 қарашаға дейін қоғамдық талқылауда.

Сондай-ақ оқыңыз