Израиль Газаның парламентін басып алып, бұл аймақты ХАМАС-тың бақыламайтынын мәлімдеді

Жарияланды
фото
Фото: idf.il

Израиль әскері Газа парламентінің ғимаратын басып алды. Израильдің қорғаныс министрі Йоав Галант Газаны енді ХАМАС-тың бақыламайтынын айтқан.

Әлеуметтік желіде тараған суретте Израиль армиясының Голани бригадасының Газаның парламенті ғимаратын басып алғаннан кейінгі суреті тарап кеткен. Бұл ғимарат 2007 жылдан бері ХАМАС-тың заң шығарушы орны ретінде қызмет еткен.

Израильдің қорғаныс министрі Йоав Галант Газаны енді ХАМАС-тың бақыламайтынын, ХАМАС ұйымының мүшелері елдің оңтүстігіне қашып кеткенін мәлімдеген. Оның айтуынша, енді ХАМАС-тың олармен соғысуға енді қауқары жетпейді.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі 7 қазан күні Хамастың Израиль бейбіт азаматтарына шабуылын айыптады. БҰҰ Газа аймағындағы қарулы қақтығысты дереу тоқтату туралы талабына келісіп, ол үшін дауыс берді.

Түркия Израиль жүргізіп жатқан соғыспен келіспейтінін білдірді. Ердоған Израильді бейбіт тұрғындарды өлтіріп жатыр деп айыптады. Мемлекет басшысының бұл мәлімдемесінен кейін Израиль дипломаттары Түркиядан кетті. Ал Түркия өз елшілерін Израильден қайтарып алды.

Осыған дейін  Еуропалық кеңес басшысы Чарльз Мишель Израиль Газа секторында халықаралық құқықты бұзуды жалғастыра берсе, оның оқшауланатынын мәлімдеген.

Ал БҰҰ Газа аймағы «балалар мазарына» айналып бара жатқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз