Біздің ақша

Жарияланды

Коллаж: kursiv.media

Саясаткерлер – түрлі ырым-тыйым мен сандар сиқырына сенуге бейім ырымшыл халық. Бірақ кейде тым ырымшыл дегендердің өзі сол сенімінен тайқуы мүмкін. Сан мен датаға деген ерекше ықыласымен есте қалған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің ұлттық валютасы – теңгені телеэфирден тура 30 жыл бұрын – 1993 жылдың 15 қарашасы, дүйсенбі күні таныстырды.

Дәл дүйсенбі күні дүниеге келген ұлттық валютаға сенімсіздік танытқандар көп болған. Сенімсіздік танытуға да негіз бар еді. Қазақстанның рубль аймағынан ең соңғы болып шығуы да бекер емес: солтүстіктегі көршімен байланыс тым тығыз болды.

Дегенмен, теңгенің жолы болып кетті.

Ол Украинаның карбованеці секілді жойылып кетпей, Ресей мен Беларусь рубльдері сияқты деноминацияны бастап кешпеді. Өзбек сомы секілді бағасы 4 таңбалы саннан асып, шарықтап кеткен жоқ.

Алайда теңгенің бастан кешірген сынағы да аз емес. Инфляция серпілісін тап болды. Айталық, 30 жастағы теңгеге былтыр балалық шағын еске түсіруге тура келді: 2022 жылдағыдай инфляция 1997 жылдан бергі тарихта есімізде жоқ. Инфляция дауылы да өтті.

Теңге қатты нығайған кезеңдерді де өткерді: ел үкіметінің саяси немесе бақай есеппен қолдаған өте жоғары айырбас бағамы ел экономикасына кері әсер етті. Яғни теңгенің өзіне қарсы «ойнады».

Дегенмен, осы 30 жыл бойы теңге қазақстандық қаржы жүйесінің желкені болды, еліміздің символына айналды Әңгіме арасында «теңге» сөзін қалай айтатыны да тағдырын Қазақстанмен байланыстырған адамды сырттан келген қонақтан ажыратуға мүкіндік береді.

Қаржы тарихымыздың белді өкілдері, қаржы индустриясының қазіргі жетекшілері және нарық сарапшыларымен бірге соңғы 30 жылдағы жарқын оқиғаларды саралап, негізгі қаржы нарығының эволюциясын сипаттауға тырыстық.

Теңге болмағанда, тарихымыз басқаша қалыптасар еді. Тіпті біздікі болмас па еді…

Сондай-ақ оқыңыз