Ресей соты Google компаниясына 15 млн рубль айыппұл салды

Жарияланды
Мәскеу соты Google компаниясына айыппұл салған. Фото: Shutterstock

Мәскеу қаласының бейбітшілік соты Google компаниясына ресейлік қолданушылардың жеке деректерін оқшаулаудан бірнеше рет бас тартқаны үшін 15 миллион рубль айыппұл салды. Бұл туралы №422 округтік сотына сілтеме жасай отырып, ТАСС агенттігі хабарлайды.

«Сот Google компаниясын Ресей Федерациясының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 13.11-бабы, 9-бөлігі бойынша (оператордың Ресей Федерациясы азаматтарының жеке деректерін есепке алу, жүйелеу, жинақтау, сақтау немесе алуды бірнеше рет қамтамасыз етпеуі) бойынша кінәлі деп танып, 15 миллион рубль айыппұл салды», – деді сот.

Осы бап бойынша компанияға екінші рет айыппұл салынып отыр. 2021 жылдың тамызында Google-ге бірінші рет 3 миллион рубль айыппұл салынған.

Бұған дейін Оңтүстік Кореяның телекоммуникация секторының реттеушісі Google мен Apple Inc. нарықтық позицияны теріс пайдаланғаны және мобильді төлемдер саласындағы жергілікті реттеуді бұзғаны үшін 51 млн доллар айыппұл салтынын хабарлаған.

Сонымен қатар, пайдаланушылардың орналасу тарихын жасырын бақылаған деген айып тағылып, корпорация 93 миллион доллар төлеген.

Сондай-ақ оқыңыз