Энергетика министрлігі екі жел электр станциясы бойынша аукцион жеңімпаздарын анықтады

Жарияланды
Фото: shutterstock

Жел энергетикалық станциясының жобаларын іріктеу бойынша аукцион өткізілді. Қазіргі таңда екі компания таңдалды, деп хабарлады Энергетика министрлігі.

«2023 жылғы 15 қарашада ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы үшін жиынтық белгіленген қуаты 50 МВт жел энергетикалық станцияларының жобаларын іріктеу жөніндегі ЖЭК бойынша аукцион өткізілді. Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 8 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 20 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 265 МВт құрады. ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2023 жылы 22.68 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады»-делінген хабарламада.

Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 22.68-ден 12.33 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып келесі компания анықталды:

  • «Mars Wind» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 50 МВт, аукциондық бағасы 12.33 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Қостанай облысында орналастыру жоспарлануда.

Аукциондық сауда-саттыққа байқаушылар ретінде келесі өкілдер қатысты: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, USAID, ЕҚДБ.

Байқаушылар аукционды ұйымдастырушы – «ЭҚРҚО» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.

ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімімен сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://vie.korem.kz/rus/analitika/restr_pobed/ .

2023 жылғы 14 қарашада ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы үшін жиынтық белгіленген қуаты 100 МВт жел энергетикалық станциясының жобаларын іріктеу жөніндегі ЖЭК бойынша аукцион өткізілді.   

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 11 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 15 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жалпы көлемі 450 МВт құрады. ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2023 жылы 22.68 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз)құрады.

Сауда сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 22.68-ден 13.49 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукциондық сауда саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып келесі компания анықталды:

  • «Аргест» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 100 МВт, аукциондық бағасы 13,49 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Ақтөбе облысында орналастыру жоспарлануда.

Аукциондық сауда-саттыққа байқаушылар ретінде келесі өкілдер қатысты: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Атамекен» ҰКП, «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ, «Qazaq Green» ЖЭК Қауымдастығы ЗТБ, «KAZENERGY» ЗТБ, ЕҚДБ.

Байқаушылар аукционды ұйымдастырушы – «ЭҚРҚО» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.

Келесі аукцион жиынтық белгіленген қуаты 50 МВт ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша 2023 жылғы 16 қарашаға тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыз