Еліміздің қандай оқу орны студенттер арасында ең танымал әрі сұранысқа ие?

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Яндекс Қазақстан пайдаланушылардың іздестіру сұрауларын зерделей келе, қазақстандық студенттердің қандай жоғары оқу орындарына қызығушылығы жоғары екенін анықтады.

Сонымен бірге сарапшылар жоғары оқу орындарында қандай мамандықтар танымал екенін, студенттерді емтихан туралы қандай сұрақтардың қызықтыратынын анықтады.

Зерттеу нәтижесі бойынша ең сұрынсықа ие ЖОО ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ танылған. Ал екінші орында Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті тұрса, үшінші орында Назарбаев Университеті мен Л.Н.Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университеті орналасқан.

Сонымен бірге зерттеу барысында студенттердің қашықтықтан оқыту тақырыбы мен жұмыс жайлы және компьтерлік бағдарламалар туралы көп іздейтіні анықталған.

Ал ең танымал әрі сұранысқа ие мамандықтардың көшін IT және Ақпараттық жүйелер, Менеджмент саласы бастайды. Egov.kz деректеріне сенсек, Қазақстанда азаматтар арасында ең алдымен IT, нано-және биотехнология саласындағы инженерлік мамандықтарға сұраныс артқан.

Бір қызығы, студенттерді «емтиханға қалай дайындалу керек» деген мәселеден гөрі, «емтиханда қалай көшіру керек?» деген сауал қатты қызықтыратын болып шықты.

Десе де, студенттер арасында математика, ағылшын және қызық тілді оқытушылар сұранысқа ие. Жастар көбінде дәл осы пәндер бойынша қосымша дайындыққа жазылып, тереңдетіп оқуға талпынады.

Техикалық және кәсіби білім саласындағы сұранысқа ие ТОП-10 мамандықтар келесідей:

  • ақпараттық технологиялар;
  • құрылыс және коммуналдық шаруашылық;
  • •геология;
  • тау-кен өнеркәсібі;
  • энергетика;
  • металлургия және машина жасау;
  • көлік;
  • байланыс;
  • педагогика;
  • медицина мамандары сұранысқа ие.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Кәсіптердің ұлттық классификаторына 900-ден астам мамандық бойынша өзгерістер енгізіліп, елімізде 839- жаңа кәсіп пайда болмақ.

Сондай-ақ оқыңыз