АҚШ Депозиттерді сақтандыру федералды корпорациясының қызметкерлері де жұмыс барысында харассментке ұшыраған – зерттеу

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
FDIC қызметкерлері жұмыс барысында харассментке ұшырағанын айтты / FDIC

АҚШ-тың Депозиттерді сақтандыру федерал корпорациясының қызметкерлері ұйымда жұмыс істеген кезде харасментке ұшырап, жұмыстан кетуге мәжбүр болғандарын айтты.

The Wall Street Journal шығарған зерттеу бойынша агенттікте ер адамдарға артықшылық беріліп, әйелдердің қызметінің өсуіне, еркін жұмыс істеуіне кедергі жасалған. Журнал агенттікте 100 жуық қызметкермен сөйлесіп, лауазымы жоғары қызметкерлердің компаниядағы әйел адамдарға тиісіп, жеке қарым-қатынасқа шақырғанын білген. Агенттік олардың үстінен түскен шағымдарға селқос қарап, қатаң жаза қолданбаған.

Журнал ақпаратына сүйенсек, агенттік зерттеу шыққаннан кейін осы айыпқа байланысты ішкі тергеуді бастаған. Агенттік төрағасы Мартин Грюенберг қызметкерлерге арнап 3 минуттық видео жариялап, онда «агенттікте қызметкерлерге тиісу және оларды қандай да бір факторға қарай бөлуге жол беруге болмайды» деп айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз