«BAU» мейрамханасымен жалға алу шартын бұздық – «Гастро-орталық» құрылтайшылары

Жарияланды
«Гастро-орталық» иелері «BAU» мейрамханасын жауып жатыр / Фото: kursiv.media

Астанадағы «Гастро-орталық» құрылтайшылары «BAU» мейрамханасын жауып жатқанын мәлімдеді. Гастро орталықтың әлеуметтік парақшасында құрылтайшылардың ортақ шешімімен мейрамхана жалға алушыларымен жалға беру шарты бұзылғаны хабарланған.

«BAU» мейрамханасының аумағында болған қайғылы оқиға бізді қатты қайғыртты. Біз Салтанат Нүкенованың отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Бұл оқиға бізді қатты күйзелтті. Сол себепті де Гастро-орталықтың басшылығы мен қызметкерлері тергеу жұмыстарына барынша көмектесуге тырысып жатыр. Біз қоғамның наразылығына қосыламыз: зорлық-зомбылықты ақтауға болмайды. Осы жағдайға байланысты біз бірқатар шешімдер қабылдадық. Құрылтайшылардың ортақ шешімімен «BAU» мейрамханасының иелерімен жалға беру шарты бұзылды»,делінген хабарламада.

Сонымен бірге «Гастро-орталыққа» жаңа директор сайланғаны жазылған. Сонымен бірге қауіпсіздік шараларының күшейтілетіні айтылған.

«Гастро-орталық» қорғау бойынша қауіпсіздік шаралары күшейтіледі, қазіргі уақытта : қауіпсіздік қызметін көрсететін ұйымдармен келіссөздер жүргізілуде. «BAU» мейрамханасы Гастро-орталықтың жалға берілген 30 мекемесінің бірі. «Гастроцентр» астаналықтардың демалуы үшін елорданың орталығында танымал мейрамханалар мен фуд-корттардың желісін біріктіру мақсатында құрылған. Біз жайлы орын жасадық және сіздердің қолдауларыңызбен осы бағытта жұмысты жалғастыруды мақсат етіп отырмыз. Келушілеріміздің жайлылығы мен қауіпсіздігіне бұдан да көп көңіл бөлінетініне сендіргіміз келеді»,– делінген жазбада.

Еске сала кетсек, бұл орталықтың құрылтайшыларының бірі – Бишімбаевтың анасы Алмира Нұрлыбекова.

Бұл гастро-орталыққа «EZY PARK» ЖШС иелік етеді. Kompra деректерінде бұл компанияның жалға берумен және жалға берілетін мүлікті пайдаланумен айналысатыны жазылған.

Бұл ғимаратқа иелік ететін ЖШС 2019 жылы тіркелген. Ал компанияның салық төлеу мерзімі 2020 жылдан басталған. Атап айтқанда, компанияның салық түсімі 2020 жылы – 1,1 млн теңгені құраса, 2021 жылы – 6,5 млн теңге, ал 2022 жылы – 13,6 млн теңге, 2023 жылы – 31,5 млн теңге болған. Egov деректерінде ЖШС-нің бірінші жетекшісі – Бақытжан Байжанов деп көрсетілген.

Компанияның бес құрылтайшысы бар. Олар – Сержан Мадиев, «Documentolog» ЖШС атқарушы директорының қаржы жөніндегі орынбасары, Қаныш Төлеушин, Инновация және аэроғарыш өнеркәсіп вице-министрі, Тасболат Абдуллин, 2019 жылға дейін «BI GROUP DEVELOPMENT» даму жөніндегі төрағасының орынбасары қызметін атқарған, сонымен бірге Әли Оспанов деген азамат. Ал бесінші құрылтайшы Бишімбаевтың анасы – Альмира Нурлыбекова.

Ал «Гастро-орталықтың» басшысының үстінен 13 қараша күні екі бап бойынша іс қозғалып, екі айға қамауға алынды. Астана қалалық полиция департаментінің хабарлауынша директордың үстінен 434 бап бойынша, яғни қылмыс туралы хабарламау және сол баптың 119 тармағы, 3 бөлігі бойынша қауіпті жағдайда қалдыру фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сондай-ақ оқыңыз