«Алматы-Байсерке-Талғар» газ құбыры екінші желісінің құрылысы жүріп жатыр

Жарияланды
Күндізгі жаңалықтар редакторы
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады/QazaqGaz

Алматы Жылу электр орталықтарын газға ауыстыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «QazaqGaz «ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы – «Интергаз Орталық Азия» ұйымы газ инфрақұрылымы құрылысының екінші кезеңін іске асыруды бастады.

Осылайша, «Алматы-Байсерке-Талғар» газ құбырының екінші желісінің құрылысы басталды.

«Ұзындығы 62,4 км-ды құрайтын «Алматы-Байсерке-Талғар» Магистральды газ құбырының екінші желісі тұтынушыларға, 2-ші ЖЭО және 3-ші ЖЭО-на табиғи газдың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ қолданыстағы газ құбырында штаттық жағдайлар орын алғанда қолдау болады» делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, аталған газ құбыры Алматы қаласын «Талғар» автоматтандырылған газ тарату станциясы арқылы толықтай газбен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, қолданыстағы газ тарату станцияларының жұмысын тоқтатпай, «Алматы-Байсерке-Талғар» магистральды газ құбырының бірінші желісіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыз