Екібастұз ЖЭО-да дауыл салдарынан қазандықтар істен шықты
Жарияланды
(жаңартылды )
![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2023/11/642452eae06a8953419998-1024x597.png)
Өткен түнде дауылдың салдарынан Екібастұз ЖЭО электр қуатынсыз қалды, соның салдарынан оның қазандықтарын тоқтатуға тура келді.
«Кеше түнде кей жерлерде екпіні 30 м/с-тан асатын дауылды желдің салдарынан Екібастұз ЖЭО кернеусіз қалды. ГРЭС-1-ден қуат алатын негізгі және резервтік қосалқы станциялардың тоқтап қалуына байланысты станцияны электрмен қамту бұзылды. ЖЭО-ның негізгі жабдықтары электр энергиясы есебінен жұмыс істейтіндіктен, станциядағы қазандықтарды мәжбүрлі түрде өшіру қажет болды», – деп жазылған «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС хабарламасында.
Бірақ таңғы сағат 5.15-те жылу электр орталығын электрмен жабдықтау қалпына келтірілді, станция жұмысын қайта бастады. Алдағы сағаттарда жылумен қамту көрсеткіштері тұрақталады.