Дауыл салдары: Павлодарда шенеунік қызметінен айырылып, Ақтөбеде жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
увольнение
Павлодар мен Ақтөбеде дауыл салдары: Шатыр жөндеу, қызметтен босату / instagram.com / pavlodar_tjd / gov.kz

18-20 қараша аралығында Қазақстанның кей өңірлерінде қатты дауыл тұрып, аймақ басшылары төтенше жағдай жариялаған. 

Павлодар облысы әкімдігінің хабарлауынша, аймақ басшысы Асайын Байханов сенбіден жексенбіге қараған түні болған дауылдан кейін жиын өткізіп кінәлілерді іздеген. Әкім қала, аудан әкімдері мен бірнеше өңірлік ведомство басшыларына қатаң талаптар қойып, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Салхановты қызметінен босатқан. Отырыстан кейін жергілікті деңгейде ТЖ жариялау шешімі қабылданған.

Дауыл салдарынан Баянауыл, Павлодар, Шарбақты, Май, Успен, Аққулы аудандарындағы 83 әлеуметтік нысанның шатырлары ұшып кетті. Олардың ішінде 61 мектеп, 10 аурухана, 9 мәдениет үйі және 3 спорт кешені бар. Сонымен қатар, қатты жел 63 көпқабатты және 84 жеке тұрғын үйдің шатыры мен қасбетіне зақым келтірді. Қазір облыстың 3 ауданындағы 18 ауыл жарықсыз отыр.

«Үшінші күн 18 ауылдың тұрғындары электр қуатынсыз отыр. Бұл дегеніміз, үш күн бойы оларда жарық жоқ, байланыс жұмыс істемейді, ал, кейбірінде су жоқ. Көптеген ауыл тұрғыны ұзақ жанатын пештерді және ұңғымаларға арналған сорғыларды пайдаланады. Электр қуатынсыз олар жұмыс істемейді. Қалпына келтіру жұмыстарын жандандыруды және басқа да ұйымдарды тартуды тапсырамын. Егер қолдарыңыздан келмей жатса, бізден көмек сұрау керек», – деді облыс Асайын Байханов.

Ал Атырау облысында дауылдан кейін кінәлілерді іздемеген. Облыстық әкімдік тек табиғи құбылыстан болған зардаптар туралы хабар таратты.

«Құтқарушылар күшейтілген жұмыс режиміне көшіріліп, шұғыл түрде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде. Атырау қаласында қатты желдің салдарынан Махамбет к-сі 118 «г», Нұрсая м/а №1,  Әуезов №58, Н. Ондасынов №109, Азаттық даңғылы №133 «б», Азаттық даңғылы №67, Қ. Ахмедияров к-сі №19, Байжігітова №61 мекен жайларында орналасқан үйлер мен ғимараттардың шатырының ұшуы, қылтима құлауы, теректің, күнқағардың құлауы орын алды», – деп хабарлайды Атырау облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Облыстық әкімдік зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетіп, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз