Freedom Broker Халық банк акцияларын «сатып алуды» ұсынады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Freedom Broker Халық банк акцияларын «сатып алуды» ұсынады / Halyk Bank

Freedom Broker Kazakhstan Халық банктің 3 тоқсандағы қаржылық есебінен кейін, оның акцияларын сатып алуды ұсынады.

3-тоқсанда сақтандыру кірісінің төмендеуі салдарынан банктің таза кірісі азайды. Дегенмен жылдық өсімге қарасақ, осы тоқсанда несие портфелі өсуін жалғастырып, оның деңгейі де көтерілген. Сондай-ақ, компания өзі осыған дейін болжаған «700 млрд теңгеден астам пайда табу» деңгейіне жете алады. Алайда табыстың бұдан әрі асы кетуі екіталай.

Үшінші тоқсанда пайыздардан түскен табыс 426 млрд теңгеге жетті. Алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 6,4% өсті. Ал пайыздық шығындар 1% өскен. Басты себеп депозиттер көлемінің 2,5% төмендеуі болып отыр. Комиссиялық кірістер 5%, ал өзге кірістер 14% өскен. Алайда екінші тоқсандағы өсімнен 33% аз, басты себеп сақтандырудан түскен кірістің төмендеуі. Осы кірістерді есептегенде түскен табыс 426 млрд теңге болып отыр, Алайда шығындарды алып тастағанда таза табыс 172 млрд теңге болады.

Сарапшылардың бағалауына сүйенсек, несиелік портфельдің өсуіне қарап, қаржылық көрсеткіштер жаңарған. Нәтижесінде, Халық банктің бір қарапайым акциясының нысаналы бағасы 220 теңге, алдағы уақытта өсуі әлеуеті 39%. Брокерлер банк акциясын сатып алуды ұсынады.

Осыған дейін KEGOC компаниясының 3 тоқсандағы есебін жариялап, Freedom Broker Kazakhstan компания акцияларын сатпай сақтай тұруды ұсынған.

Сондай-ақ оқыңыз