23 қарашада Қазақстан бойынша сиреналар қосылып, теле-радио хабарларын тарату тоқтатылады

Жарияланды

Республика бойынша құлақтандыру жүйесін тексеру жүргізіледі / shutterstock

Бейсенбі, 23 қарашада, Астана уақыты бойынша сағат 12:55-те республика бойынша құлақтандыру жүйесін тексеру жүргізіледі. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігі хабарлады.

Электр сиреналар, сиреналық-сөйлеу құрылғылары іске қосылып, теле-радио хабарларын тарату тоқтатылады. Бұл іс-шара «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында өткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, электр сиреналар, сиреналық-сөйлеу құрылғылары немесе басқа да дабыл құралдары жалпы төтенше жағдай орын алған кезде халықтың назарын аудару үшін қосылады. 

Ол «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру дабылын білдіреді. Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар орын алған жағдай кезінде әрекет ету туралы мәліметтер мен нұсқаулар алу үшін қолжетімді ақпарат қабылдау құралдарын (телеарналар, радиолар, интернет сайттар, әлеуметтік желілер, мобильді құрылғыларға арналған қосымшалар және т.б.) дереу қосуы керек.

Сондай-ақ оқыңыз