Ірі индекстер жаңа жұмыс аптасын қалай бастады?

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Жұма күні АҚШ қор нарықтары әр бағытта жабылды: S&P 500 өзгеріссіз қалса, Dow Jones 0,3%-ға көтеріліп, ал Nasdaq Composite 0,1%-ға төмендеді. Бұл туралы KASE-нің қор нарығына шолуында жазылған.

S&P индексінің PMI көрсеткіші аралас мәнде болды: өнеркәсіп өндірісі қатты қысқарды, ал қызмет секторы жылдам қарқынмен өсті. Apple, Meta және Microsoft акциялары шамамен 1% арзандады. Nvidia акциялары Қытай нарығына АҚШ-тың қазан айында енгізілген санкцияларын айналып өту үшін жасалған жаңа үдеткіш кешігіп жатқаны туралы ақпараттан соң, 1,8%-ға төмендеді.

Еуропа қор нарықтары жұмада оң динамика көрсетті: Stoxx 600 0,4% және DAX 40 – 0,2% қосты. Германияның үшінші тоқсандағы ЖІӨсі төмендеп, IFO бизнес-климатының көрсеткіші күтілгеннен аз өсті. Оң корпоративтік оқиғалар ірі компаниялардың акцияларын қолдады.

Barclays-тің оң бағасынан кейін Continental акциялары 2,3%-ға өсті. BASF акциялары Abu Dhabi National Oil Co компаниясының BASF-тің Wintershall Dea-дағы үлесін сатып алуды қарастырып жатқаны туралы ақпараттан кейін 2%-ға қымбаттады. Siemens және Schneider акциялары шамамен 1% қосты. Intesa Sanpaolo 1,7% өсіммен көш бастады.

Nikkei 225 индексі дүйсенбіде 0,7%-ға төмендеп, 33 408-ге жетті. Mitsubishi Heavy Industries (-5,0%), CyberAgent Inc (-4,8%), Sumitomo Metal Mining Co. (-4%) шығынға ұшырады.

Дүйсенбіде Shanghai Composite индексі 0,8%-ға төмендеп, 3018-ге жетті. Ірі компаниялардың акциялары айтарлықтай төмендеді: BYD Company (-4,4%), Seres Group (-5%) және COL Group (-12,3%). Өсім Бейжің Е-Хуалу (+10,2%), Цзянсу Явэй (+5,5%) және Шанхай Чжаньцзянда (+2,7%) байқалды.

Сондай-ақ оқыңыз