Американдықтар «қара жұмада» онлайн саудада 9,8 млрд доллар жұмсады

Жарияланды

«Қара жұмада» американдықтардың жалпы онлайн саудада жаңа рекордқа қол жеткізді, деп хабарлайды Market Watch Adobe Analytics есебіне сілтеме жасап. Бұл көрсеткіш $ 9,8 млрд құрады. Ал бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,5% – ға жоғары.

Американдықтардың ең көп сатып алған заттардың ішінде, теледидар, «ақылды» сағаттар және барби қуыршақтары болды. Ең көп сатып алынатын заттардың ондығына Bluetooth құлаққаптары, Brands ойыншықтар, сымсыз зарядталатын батареялар, робот шаңсорғыштар, ыдыс-аяқ жинақтары және кофе машиналары кірді.

Алғыс айту күні (23 қараша) американдықтардың онлайн сатып алулары 5,6 миллиард долларды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,5%-ға көп. Бұл рекордтық көрсеткіш, деп хабарлады Adobe.

Сондай-ақ оқыңыз