«Қазақмыс» тексеріс жүргізу үшін жерасты кеніштерінің жұмысын тоқтатты

Жарияланды
Фото: facebook.com/kazakhmyscorporation

«Қазақмыс» компаниялар тобының басшылығы корпорацияның барлық жерасты кеніштеріндегі тау-кен және күрделі жұмыстарды тоқтату туралы шешім қабылдады. Ақпаратқа сәйкес, арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.

Не болды. 2023 жылдың 27 қарашасында Жайсаң кенішінде болған топтық апатқа байланысты «Қазақмыс» компаниялар тобының басшылығы корпорацияның барлық жерасты кеніштеріндегі тау-кен және күрделі жұмыстарды тоқтату туралы шешім қабылдады.

» Кеніштерде ішкі экспорттық комиссия инспекциялары құрылды. Комиссияларды кәсіпорындардың бас инженерлері басқарады. Басталған тексерістер өндірістік ереже бұзушылықтарды, сондай-ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы ереже бұзушылықтарды егжей-тегжейлі анықтауға бағытталған. Кәсіпорындардың жұмысын тоқтату барлық ереже бұзушылықтар анықталып, жойылғанға дейін жалғасады «, – деп хабарлады «Қазақмыс»баспасөз қызметі.

Жұмысшыларға тексерудің барлық уақыты үшін жалақы төлеуге уәде беріледі.

«Қазақмыс» – Қазақстандағы ең ірі мыс өндіруші. Компанияның құрамында 10 кеніш, бес тау-кен байыту фабрикасы, екі мыс балқыту зауыты, екі көмір разрезі бар.

Айта кетейік, «Қазақмыс» компаниясы 2023 жылдың 27 қарашасында Жамбыл облысындағы Жайсан кенішінде болған жазатайым оқиға туралы туралы хабарлады.  «Қазақмыс» компаниясына тиесілі «Жайсаң» шахтасында тағы 2 кенші қаза тапты.

Сондай-ақ, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Қазақмыс» корпорациясына қарасты «Жайсаң» кенішінде болған жазатайым оқиғаны өз бақылауына алды.

Бұған дейін 22 қараша күні «Қазақмыс» компаниясының Жезқазған байыту фабрикасында жазатайым оқиғадан бір адам көз жұмды.

Сондай-ақ оқыңыз