Қазақстан Ұлттық энергетикалық жүйесі арқылы ресейлік электр энергиясының транзитін қамтамасыз ететін болады

Жарияланды
Ресей мен Қазақстанның энергетикалық жүйесі бірыңғай режимде жұмыс істейді / Фото: shutterstock и wikimedia commons

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының біртұтас энергетикалық жүйелерінің қатар жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы «Ашық НҚА» порталына талқылауға шығарылды.

Оған сәйкес, Ресейдің энергожүйесі Қазақстан БЭЖ-де жиілікті қолдайды Қазақстан біртұтас энергетикалық жүйесінде (БЭЖ) өндіріс пен тұтыну арасындағы сағаттық ауытқуларды өтей отырып, Қазақстанның энергожүйесі Қазақстан Ұлттық энергетикалық жүйесі бойынша ресейлік электр энергиясының транзитін қамтамасыз етеді.

«Бұл механизм басқа елдердің электр энергиясын жеткізушілерінен (өндірушілерінен) электр энергиясын жоспарлы сатып алуды (импортты) бірыңғай сатып алуды жүзеге асыру арқылы Ресей Федерациясымен шекарадағы электр энергиясы ағындарының мемлекетаралық сальдосының ауытқуын азайтуға бағытталған»,- делінген құжатта.

Яғни Қазақстанның энергожүйесі Ресей Федерациясының энергожүйесімен қатар жұмыс істеу режимінде өзара іс-қимыл жасайды. Атап айтқанда «KEGOC» акционерлік қоғамы мен «Интер РАО ЕЭС» жария акционерлік қоғамы электр энергиясын сатып алу және сатуды көздейтін қажетті шараларды өзара жүзеге асыратын болады.

Бұл Қазақстан мен Ресейдің Бірыңғай энергетикалық жүйесі параллель режимде жұмыс істейді, бұл елдердің бірінде электр энергиясын тұтыну көлемі ауытқыған жағдайда көршілер бір-біріне көмектесуі керек дегенді білдіреді.

Бұл келісімшарт Қазақстан Республикасының энергетикалық жүйесінің теңгерімсіздігін жабу мақсатында жүзеге асырылып отыр. Осыған байланысты импорттық электр энергиясын сатып алу шарттарын регламенттеуге байланысты қатынастарды реттеу мақсатында 2023 жылғы 9 қарашада Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында арнайы келісімге қол қойылды.

Құжат 11 желтоқсанға дейін талқылауда болып, қол қойылған күннен бастап 15 күн өткенде күшіне енеді.

Осыған дейін РФ Энергетика министрі Николай Шульгинов Ресейдің бірыңғай энергетикалық жүйесі (РФ БЭЖ) Қазақстандағы электр энергиясын өндіру және тұтыну көлеміндегі трансшекаралық ауытқуларды үнемі реттеп отыра алмайтынын айтқан.

«Сіздің компанияларыңыз алдымен қолдау туралы: Жаңартылатын энергия көздерін Қазақстанда құрайық, (Ресейдің)энергожүйесіне интеграцияланған Қазақстан 9 ГВт энергожүйесін құрайық (деді – Курсив). Әрине, жинақтау жүйелерінің дамуынсыз (ЖЭК-дегі -Курсив) ол мүмкін емес, өйткені ресейлік энергия жүйесі біздің серіктестеріміздің синхронды жұмыс мақсаттарын орындау үшін тұрақты демпфер (ауытқуларды сөндіру механизмі – Курсив) бола алмайды «, — деді ол Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) елдерінің энергетикалық форумында.

Ресей Энергетика министрлігінің басшысы Қазақстан арқылы Қырғызстанға энергия дәлізінің жобасы әлі қолға алынбағанын, бірақ талқыланатынын айтқан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз