Топ-10 валюта арасында АҚШ доллары әлсіреді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Падение доллара
Топ-10 валюталары ішінде АҚШ доллары әлсіреді / коллаж kursiv.media

АҚШ негізгі сауда серіктестерінің 10 валютасына шаққанда доллардың бағамы тамыз айының басынан бері ең төменгі деңгейге дейін әлсіреді. Бұған себеп ретінде Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) мамыр айында пайыздық мөлшерлемелерді төмендеткені айтылуда.

Bloomberg хабарлауынша, 28 қарашадағы сауда сессиясы Bloomberg Dollar Spot индексінің мәніқатарынан бесінші рет төмендеген.  Басылым рецессияға қатысты алаңдаушылық және ФРЖ-ныңпайыздық мөлшерлемені төмендетуі себеп болғанын жазады. 

«Топ-10» валюта ішінен (АҚШ доллары, Канада доллары, Австралия доллары, еуро, Жапон йені, Жаңа Зеландия доллары, Норвегия және швед кроны, Фунт стерлинг, Швейцария франкі) Жаңа Зеландия доллары көшбасшы болған. Себеп елдің Орталық банкі келер жылы пайыздық мөлшерлемені көтеру туралы болжам айтқан. Сонымен қатар, жапон йені екі айлық максимумғажетті.

«Доллар біз ФРЖ-дан нарықтық өзгерістер көрмейінше осал болады. Өзгеріс 2024 жылы болуы мүмкін», – деп жазды Brown Brothers Harriman & Co компаниясының жаһандық валюта стратегиясының басшысы Вин Тин.

Bloomberg Dollar Spot индексі 10 валютаға қатысты бағамды қадағалайды: Жапон йені, Еуро, Канада доллары, Фунт, Мексика песосы, Австралия доллары, Швейцария франкі, Корей воны, юань, Үндістан рупиясы.

Қазіргі уақытта ФРЖ мөлшерлемесі 5,25%-5,5% арасындағы дәлізде тұр. Жыл басынан бері ол 0,75 пайыздық тармаққа өсті. 

Сондай-ақ оқыңыз