Корея өтеусіз негізде Қырғызстанның ІІМ-не электромобильдер береді

Жарияланды
Фото:shutterstock

Корея өтеусіз негізде Қырғызстанның ішкі істер министрлігіне электромобильдер береді. Бұл туралы 24.kg сайты хабарлады.

Тиісті меморандумға құқық қорғау ведомствосы басшысының бірінші орынбасары Әділбек Бийбосынов және Корея Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ли Вонджэ қол қойды.

Полицияның қажеттілігі үшін 170 мың долларға электрокөліктер сатып алынады.

Әділбек Бийбосынов министрлік қауіпсіздік саласындағы халықаралық әріптестермен ынтымақтастықты белсенді дамытып, нығайтып келе жатқанын атап өтті. Ағымдағы жылдың қазан айында ҚР ІІМ мен Корея Республикасының Ұлттық полиция агенттігі арасында өзара түсіністік және өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ оқыңыз